|
ӨЗБЕКСТАНДА МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ДАУЫС БЕРУ БАСТАЛДЫ
|
Өзбекстанда президенттік сайлауда мерзімінен бұрын дауыс беру басталды.
Негізгі сайлау алдағы желтоқсан айының 4-іне белгіленген. Бірақ жергілікті заңға сәйкес сайлауға 10 күн қалғанда адамдар мерзімінен бұрын дауыс бере алады. Ал додаға 4 үміткер түсіп отыр. Оның ішінде президенттің міндетін атқарушы, премьер-министр Шавкат Мирзиёев бар. Одан кейін «Ұлттық жаңғыру» партиясының атынан Сарвар Отамуродов, Социал-демократиялық «Әділет» партиясынан Наримон Умаров және Халықтық-демократиялық партиядан Хотамжон Кетмонов түседі. Елде 9 мыңнан астам сайлау бөлімшесі ашылған.
24.kz
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Күн панелдерінің Тибет тұрғындары мен оның табиғатына әсері таспаға тартылды (видео)
■
Халал секторы бір мемлекеттің жалпы ішкі өнімінің 27 пайызына жетті
■
Қытай табиғатта сирек кездесетін минерал түрін тапты
■
Балаларға жасанды зерде чат-боттарымен «достасуына» тыйым салынады
■
Ауғанстанда мемлекеттік қызметкерлерге смартфон ұстауға тыйым салынды