|
Қасиетті Құранның жаңа көшірмесі жарыққа шығады
|
Палестиналық Саһер әл-Кааби Осман стиліндегі Құранның алғашқы көшірмесін аяқтауға шақ қалды. Қасиетті кітап Иерусалимдегі әл-Ақса мешітінің құрметіне «Құран әл-Ақса» деп аталатын болады. Бұдан бөлек, әл-Кааби 2014 жылдың ақпан айында Палестина президенті Маһмұд Аббастан Құранның Османдық көшірмесін жасауға тапсырма алып қойған. Каллиграф қасиетті кітапқа күніне 15 сағатын арнайды. Әрбір бетке кем дегенде 24 сағат уақыт кетеді екен. Саһер әл-Кабби еңбегін осы жылдың соңына дейін аяқтауды көздеп отыр. Дайын Құран Каирдағы "әл-АзҺар" университеті ғалымдарының тексерісінен өткеннен кейін палестиналық билік өкілдері мың дана етіп көшіріп, әлемге таратпақ.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Күн панелдерінің Тибет тұрғындары мен оның табиғатына әсері таспаға тартылды (видео)
■
Халал секторы бір мемлекеттің жалпы ішкі өнімінің 27 пайызына жетті
■
Қытай табиғатта сирек кездесетін минерал түрін тапты
■
Балаларға жасанды зерде чат-боттарымен «достасуына» тыйым салынады
■
Ауғанстанда мемлекеттік қызметкерлерге смартфон ұстауға тыйым салынды