|
Ресей мұсылмандарға арналған телефон шығарды
|
Ресейдің смартфон өндіруші зауыты мұсылман халқына арналған арнайы телефонды таныстырды. Өзге смарт телефондарынан ол ерекше дизайнымен көзге түседі – телефон қалыбы шығыстық араб стилімен әрленген, ал экран бетіне қойылатын тақырыптық көрнекі суреттер мұсылманша үлгіде. Жаңа смартфон намаз уақытының кіруінен хабар беретін қоңыраумен жабдықталған. Намаз уақытын аппарат телефон иесінің тұрғылықты жеріне қарай өзі анықтайды. Сонымен қатар, жақын маңдағы мешіттер мен халал мейрамхана мекенжайларын көрсететін қосымша да қамтылған. Телефон жадында Құран Кәрімнің мәтіндік және аудио форматтағы түрлері бар. Ал телефон иесі кез келген аятты Email, Facebook немесе Twitter әлеуметтік желісі арқылы жіберу мүмкіндігіне ие.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды