|
Ресейде марапаттаудың жаңа түрі пайда болды: "Өрт кезіндегі ерлігі үшін"
|
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин "Өрт кезіндегі ерлігі үшін" жаңа медалін, сондай-ақ, "РФ-ның Еңбегі сіңген өрт сөндіруші" атағын тағаайындау туралы жарлыққа қолын қойды. Бұрын осыған ұқсам мұндай марапат түрлері тек РФ Төменше жағдай министрлігінде және Ішкі істер министрлігінде болған. Аталған жарлықта айтылғандай, жаңа медал өрт сөндіру кезіндегі ерлігі мен өрт кезінде адамдарды құтқарғаны үшін, сондай-ақ, өрт кезіндегі ықтимал жарылыстың алдын алғаны үшін беріледі. Бұл медалды өрт сөндірушілермен қатар әскери қызметкерлер де, қарапайым ел тұрғындары да, тіпті, шетелдік азамат та ала алады. Өрт сөндіру кезінде жарлықта көрсетілген міндеттерді ойдағыдай атқарған болса.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Қытай әскерін адам тәрізді роботтармен толықтырады
■
Пластикті тыңайтқышқа айналдыру жолы табылды
■
Араб елі басқа отын тасымалдаудың нұсқасы болмаса да Үрміз бұғазын айналып өтетін жобадан бас тартты. Неге?
■
Күллі әлемде мұнай кені сирек табылатын болды