|
Шариғат шәлісін заманға бейімдеуде де Батыс үлгі көрсетіп отыр
|
Канаданың Оттава қаласының полициясы кәсібилігін танытып, офицерлердің бірінің өтінішін ескеріп отыр. Тарқатып айтқанда, бұл арада аталған шаһар полициясында қызмет ететін мұсылман әйелдің тілек-талабы бойынша формалық хиджабты енгізу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Ләйла Шибли есімді әйел Оттава тәртіп сақшыларының арасындағы жалғыз мұсылман әйел. Полиция бастығы Чарльз Бордело әлеуметтік желіге фома түріндегі шариғат шәлісін ойлап табу қажеттігін жазыпты. Шариғат шәлісін заман салтына, дәлірегі, уақыт талабына сай түрлі мамандық иелеріне лайықтап тігу арқылы "зайырлы қоғамға тән емес" деген жаңсақ ұғымның тігісін жатқызып жіберген Оттава полициясының кәсіби біліктілігі тәнті етті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды