|
ТҮРІКТЕР ТАҒЫ БІР ЕЛГЕ МЕШІТ САЛЫП БЕРМЕК
|
Түрік билігі Эстония аумағында құлшылық ордасын тұрғызуға ниет танытып отыр. Бұл жайында Таллин қаласына ресми іссапармен келген Түркия мемлекетінің Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу мәлімдеді.
«Егер эстондықтар өз келісімін берсе, біз Таллинге немесе басқа қалаға құлшылық ордасын салып беретін едік», – деп атап өтті ол. Эстондық министр Юрген Лигимен өткізген әңгіме барысында ол мұсылмандардың дәстүрлі исламды дәріптейтін орталығы сөзсіз болу қажеттігін айтып өтті. «Егер олай болмаған жағдайда, адамдарға түрлі теріс ағымдарықпал ете бастайды. Ал, радикализмге түбегейлі қарсымыз», – дейді түрік министрі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Келесі жылы қасиетті сапар бағасы көтеріледі
■
Cән индустриясы технолгияға қарсы тұрудың амалдарын қарастырады
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды