|
Үйленген оқушы сабақты жайына қалдырды
|
Сауд Арабиясының солтүстігінде орын тепкен Арар қаласында елді елең еткізген оқиға орын алды. Мұхаммед Хамис әл-Хазми есімді 15 жастағы оқушысы мектепті бітіруге тағаты жетпей үйленіп, сабақты жайына қалдырған. Дәлірегі, бал айын өткізіп, содан кейін барып, мектепке оралған. Қызық болғанда, оның бұл қадамын сөгудің орнына мұғалімдері мен сыныптастары оған сыйлықтарын беру үшін кезекке тұрған. Бұл жайында араб тілінде жарық көретін Sabq апталық басылымы хабар таратты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды