|
Үндістанның өз Меккесі бар (фото)
|
Чарминарға таяу Хайдарабад қаласында орналасқан Мекка мешіті бар. Мұсылмандардың бұл құлшылық үйі Үндістандағы ең көне әрі ең ірі мешіттердің бірі әрі бірегейі.

Аталмыш мешіт киелі Меккені еске түсіру үшін 1614 жылы Голконд сұлтанатының әміршісі Мұхаммед Кули Кутб Шахтың пәрменімен тұрғызылған. Меккеден топырақ алдырып, кірпішін құйдырды. Бұл кірпіштермен мешіттің орталық аркасы қаланды.

Граниттен соғылған Мекке мешітіне бір мезеттен 10 мың адамға дейін құлшылық ете алады. Биіктігі 22 метрден асатын бұл ғибадат ғимаратында құлшылық етуге барлық жағдай жасалған.





Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды