|
Әлеуметтік желі қолданушылары ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне тікелей жүгіне алады
|
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазақстандықтарға медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектің сапасы бойынша әлеуметтік желіде өздерінің ұсыныстары мен пікірлерін қалдыруды ұсынды - Фейсбукте министрліктің профильдік комитеттеріне аккаунттар ашылған, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ведомство басшысының Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.
«Бүкіл қоғамдық денсаулық сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық денсаулық, сондай-ақ, медициналық қызметтердің сапасын бақылау мәселелері бойынша жазыңыздар. Қоғамдық денсаулықты сақтау комитеті (...). Бізге, тікелей Фармация комитетіне дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің барлық мәселелері бойынша жазыңыздар», - деп жазды министр Фейсбукте.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды