|
«Алтын белгi» иегерлерi ҰБТ-дан босатылмайды
|
«Алтын белгi» иегерлерi ұлттық бiрыңғай тестiлеуден босатылмайды. Бұл туралы бүгiн Үкiметте ҰБТ-ның жаңа форматы талқыланған отырыста ҚР Бiлiм және ғылым министрi Ерлан Сағадиев айтты.
"...«Алтын белгi» иегерлерiн және түрлi конкурстар мен олимпиадалар, ғылыми жобалардың жеңiмпаздары мен жүлдегерлерiн ҰБТ-дан босату ұсынылды. Бiз бұл ұсынысты қолдамадық. ҰБТ-ны бәрi тапсыруы керек деп есептеймiз", - дедi Е.Сағадиев.
Тек жоғары оқу орнына түсер кезде бiрдей балл болған жағдайда мемлекеттiк грант «Алтын белгi» иегерiне берiледi.
Айта кетейiк, 2017 жылдан бастап ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматта өтедi. Мектепте оқушылар емтихан тапсырып, қорытынды аттестациядан өтедi. Ал жоғарғы оқу орнына түсу үшiн ұлттық бiрыңғай тестiлеу тапсырады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Күн панелдерінің Тибет тұрғындары мен оның табиғатына әсері таспаға тартылды (видео)
■
Қытай табиғатта сирек кездесетін минерал түрін тапты
■
Халал секторы бір мемлекеттің жалпы ішкі өнімінің 27 пайызына жетті
■
Балаларға жасанды зерде чат-боттарымен «достасуына» тыйым салынады
■
Ауғанстанда мемлекеттік қызметкерлерге смартфон ұстауға тыйым салынды