|
Ақтауға аққулар ұшып келді (видео)
|
Аққулардың жыл сайын желтоқсан айында ұшып келетіні айтылады. Алайда, осы жолы құстар бір айға кешікті. Тұрғындар бұған ауа райының ерекше жылылығы себеп болды дегенді айтады.

"Аққулар әдетте Ақтауға желтоқсан айында суық болса да ұшып келетін. Биыл ауа райы ерекше жылы, олар сондықтан да кеш ұшып келген шығар. Аққулардың барған сайын азайып бара жатқанын байқап отырмыз. Ал шағалалар азаймады", - дейді Ақтау тұрғыны Нұрболат Әбілқайыров.

Басылымның мәліметінше, қалалықтар жағалауға келіп, аққуларға тамақ беретін әдет тауыпты.
2015 жылдың сәуірінде Ақтау қаласының маңындағы Қаракөл көліне қоқиқаздар ұшып келген еді. Фотограф Влад Ротмистров құстарды квадрокоптермен түсіріп алған болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады