|
Елімізде алғаш рет азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетті
|
Елде алғаш рет азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа жетті, деп хабарлады 24.kz
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жаңа жылдық құттықтау сөзінде мәлімдеді. Сондай-ақ, Президент былтыр ел есінде қалған айтулы оқиғалар мен жетістіктерге тоқталып, биыл ерекше көңіл бөлінетін жайттарды хабарлады. Соның ішінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Абайдың 180 жылдық мерейтойын және Ата Заңымыз бен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойларын жоғары деңгейде өткізу керектігін атап өтті. Одан бөлек биыл “Жұмысшы мамандықтар” жылы болып жарияланды. Бұл еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсетіледі деген сөз. Яғни отаншылдық пен еңбекқорлыққа және біліктілікке ерекше мән беріледі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мысыр Nvidia технологияларын қолдана отырып, құны 1 миллиард доллар болатын дата-орталықтың AI орталығын салады
■
Бейнебақылау камерасының адам психикасына бейсаналы әсерінің салдары анықталды
■
Адам ДНҚ-нан “құдіретті күштің” ізі табылды
■
Маймыл тапшылығы тұтас индустрияның дағдарысына бастайды
■
Макао мұсылман саяхатшыларын тарту үшін халал индустриясын дамытады