|
Елімізде пара ұсынатындарды жазалау ұсынылды
|
Қазақстанда пара ұсынатындарды және пара беремін деп уәде бергендерді жазалау мәселесі қайта көтеріліп отыр. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндамасында" айтылады. Бұл шара БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес конвенциясына ережелерді енгізу аясында ұсынылып отыр. Сондай-ақ, заңсыз баю әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мен заңды тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесін қарастыру ұсынылды. Айта кетейік, ҚР қаржы полициясы 2012 жылы пара беремін деп уәде беретіндерді қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесін талқылаған болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қазақстанда әскердегі сарбаздарға намаз оқуға бола ма
■
Әлемде ЖІӨ жағынан екінші орында тұрған елдің жан басына шаққандағы денсаулыққа жұмсайтын шығыны 3845 долларға жетті
■
Кореяның дәрі-дәрмек экспорты рекордтық деңгейге жақындады
■
Алматыда "халал" сертификаттарын заңсыз берген компания жауапқа тартылды
■
Араб еліндегі тоқыма бұйымдар қалдығын өңдеу жобасы 30 мыңнан аса жұмыс орнының ашылуына себеп болмақ