Жол бойында намаз оқып жатқан имамды көлік басып өлтірді
Жол бойында намаз оқып жатқан имамды көлік басып өлтірді
8 жыл бұрын 2703 maturidi.kz

14 қыркүйек күні кешкі сағат сегіз шамасында Алматы-Өскемен тас жолы бойындағы Айнабұлақ ауылына жақын жерде жол-көлік оқиғасы болды деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Облыстық ІІД-ден хабарлағандай, Көксу ауданының тұрғыны өзінің Мерседес көлігімен Алматы қаласына келе жатып, жол бойында кешкі намазын өтеп жатқан Панфилов ауданы Жаркент қаласы мешітінің 27 жастағы имамын қағып кеткен.

Алған жарақаты салдарынан дін қызметкері оқиға орнында көз жұмды.

0 пікір
Мұрағат