|
Лаңкестік туралы алдын ала ескерткендерге 2 миллион теңге төленеді
|
ҚР Үкіметі 2016 жылдың 9-қарашасында «Лаңкестік актісін алдын алу немесе тоқтатуға көмектескен ақпаратға сыйақы бекіту мен төлеу туралы» тәртіпті бекітті деп хабарлады Zakon.kz. Құжаттың жобасын ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті әзірледі.
Құзіретті органдарға лаңкестік акт туралы алдын ала ескертіп, оны тоқтатуға немесе алдын алуға көмектескен тұлғалаларға 750-ден 1000 айлық есептік көрсеткіш аралығына дейін ақшалай сыйақы қарастырылады. Қазір 1 айлық есептік көрсеткіш 2121 теңге болып белгіленген.
Құжатта сыйақы лаңкестік актісін даярлап, ұсталған адамға қатысты сот үкімі шыққанда төлентіндігі баса айтылған.
Сыйақы лаңкестікке қарсы салаға бөлінген бюджет қазынасынан төленеді.
Жарлық 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңдық күшіне ие.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды