|
Латыншаға биылдан бастап көше бастаймыз
|
Биыл бірыңғай латын қарпіне көшу жоспарланып отыр. Бұл жайында Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Үкімет ғимаратында өткен баспасөз жиынында мәлім етті. Ол аталмыш жобаның маңыздылығына тоқтала келіп, қателікке жол бермес үшін абайлап әрекет ету керектігін еске салып өтті. Сондай-ақ министр осы мақсатта арнайы комиссияның құрылғанын жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, маусым айының 23-і күні елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ тілін латыншаға көшіру процесін кешіктірудің еш негізі жоқтығын мәлімдеген болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады