Маңғыстаулық зейнеткердің үнемшілдігі халыққа үлгі болып отыр (видео)
Маңғыстаулық зейнеткердің үнемшілдігі халыққа үлгі болып отыр (видео)
9 жыл бұрын 3468

Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылының тұрғыны Айшагүл Иманбаева қысқарып, жарамсыз болып қалған киім-кешекті ешуақытта лақтырып тастаған емес. Қайта өңдеп, одан жаңа дүние жасап шығарады, деп жазады khabar.kz сайты.

 Мәселен, бүгін немересіне тозығы жеткен халаттан үйге киетін жылы шалбар тігіп берді. Жаңа киім киген кішкентай Нұрайдың қуанышында шек жоқ. Зейнеткер той-жиындарда таратылатын жыртыс пен қалдық матаны да кәдеге жаратып отыр. Құрақ құрайды, телефонға қалта, қапшықтар тігеді, әшекей бұйымдар жасайды. Тойларға қажетті шашуға, кәдесыйларға ақша шығармайды. Қалған мата, киімнен ерекше дүние тігіп, сыйға тартады екен. «Өзіме де тиімді, ерекше сыйлық алған қуаныш иесі де риза», – дейді ол. Айшагүл апа осындай үнемдеудің арқасында біраз қаржының қалтада қалатынын айтады.  

"Кейбір матаның тозығы жетпейді, өңі кетпейді. Соны өңдеп, қайта тігем. Жаңа өмір берем оларға. Мысалы, балаларға үлкендеу курткаларды кішірейтіп берем. Шынтақтары жыртылып қалса, сол жерге жамау салып берсем, тіпті әдемі болып шығады. Сөйтіп барлық нәрсені үнемдейміз. Үнемшіл емес келіншектер 50 мыңға көйлек алса, менің келінім 5 мыңға матасын алып, жақсы көйлек тігеміз. Оны 2-3 түрлі қылып тігемін. 40 мың бір адамның айлығы үнемде қалады ғой", - дейді Айшагүл Иманбаева. 

0 пікір
Мұрағат