|
Қазақстан 8 млн тонна астықты экспортқа шығарды
|
2015-2016 маркетинг жылы Қазақстан 8 368,7 мың тонна астықты экспортқа жөнелтті. 8,3 млн тонна астықтың 35,2%-ын ұн құрады (астыққа шаққанда 2,95 млн тонна). ҚР АШМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 шілдеде басталған 2016-2017 маркетинг жылы 667,6 мың тонна астық пен ұн экспортталды. Еске сала кетейік, Қостанай облысында жаппай астық дақылдарын жинау науқаны басталды. Сонымен, биылғы жылдың 27 тамызында өңір дихандары 115 мың га аумақты жинап болды. Аймақтағы жалпы егін жинау аумағы 4 215,0 мың га құрап отыр. Айта кетейік, маркетинг жылы 1 шілдеден басталып келесі жылдың 30 маусымына дейін жалғасады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды