|
Қазақстанда Арал мен Каспиден басқа тағы бір теңіз пайда болады
|
Маңғыстау облысы аумағындағы Ащысор ойпаты Каспи теңізінен толтырылатын болады. Осы мақсатта жаңа рекреациялық аймақты құру туралы жұмыс басталып та кетті. Бұл жайында аталған облыстың сәулет және қала құрылысы басқармасының жетекшісі мәлім етті. «Маңғыстаудағы рекреациялық аймақ» жобасы бойынша Каспиден канал арқылы ойпатты теңіз суымен толтыру көзделуде. Бұл жасанды су қоймасының аумағы шамамен 300 шаршы метрді, ал тереңдігі 12 метрді құрайтын болады. Бұл жасанды су қоймасын туристер демалатын орынға айналдыру да жсопарланып отыр. Қазіргі уақытта аталмыш жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр. Айта кетейік, тамыз айының 11-і күні Ақтау қаласында аталмыш жобаға байланысты жұрттың пікірі тыңдалды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды