2017 жылдың басына қарай Қазақстанда 15 пен 35 жас аралығындағы еңбекке жарамды 5,55 млн жас адам болған. Олардың бестен бірінен астамы Алматы қаласы мен Алматы облысында (1,22 млн) тұрған деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ranking.kz басылымына сілтеме жасап.
|
Қазақстанда еңбекке жарамды жастар азайып келе жатыр
|
Еңбек қабілеті жоғары жастар Қазақстан тұрғындарының 31%-ын құрайды. Ал Алматыда олардың үлесі 36,1%-ға тең. Бұл - ел бойынша ең жоғары көрсеткіш.
Басылым жалпы Қазақстанда еңбекке жарамды жастардың азайып бара жатқанын айтады. Оған себеп, 90-жылдардың соңында демографиялық ахуалдың нашарлауы. 2017 жылы өсім тек Астана мен Алматыда байқалған. Нәтижеде Алматыда жұмысқа қабілетті жастар шоғырланып жатыр – оның Қазақстан бойынша үлесі 11,4%-ға жетті (2009 жылы – 9,5%, 2010 жылы – 9,6% болатын). Жалпы Алматы және Алматы облысында тұратын еңбекке жарамды жастардың Қазақстан бойынша үлесі 22%-ға тең болып отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады