|
Қазақстанда күнкөріс деңгейі төмендеді
|
2016 жылдың қараша айында ең төменгі күнкөріс деңгейі 21,1 мың теңгені құрады. Бұл туралы LS хабарлайды.
Өткен аймен салыстырғанда (23,4 мың теңге) көрсеткіш 9,8%-ға төмендеген. Ал жыл басынан бері 6,8%-ға өскен.
Азық-түліктің орташа көлемі үшін 12,7 мың теңге жұмсалады, ал азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге жұмсалатын қаржы шамамен – 8,4 мың теңге.
Ең төменгі күнкөріс деңгейінің максимал көрсеткіші Маңғыстау облысына тиесілі. Мұндағы көрсеткіш 28,5 мың теңге. Астанада күнкөріс деңгейі 27,8 мы теңге болса, Алматы қаласында 25,9 мың теңге. Ең төменгі көрсеткіш Павлодар (21,2 мың теңге) және Жамбыл облысында (21,1 мың теңге).
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды