Қазақстанда полиэтилен пакеттерге тыйым салынады
Қазақстанда полиэтилен пакеттерге тыйым салынады
3 жыл бұрын 1583 inbussnies.kz

Төрт жылдан кейін Қазақстан полиэтилен пакеттерін қолданудан бас тартуды жоспарлап отыр.Бұл жайында bairag.kz ақпарат көзі мәлім етеді.

Сарапшылардың пікірінше, елдегі супермаркеттер ай сайын 40 миллион данаға дейін полиэтилен пакеттерін тұтынады.

"Биологиялық ыдырайтын шикізатқа көшу үлкен қаржылық инвестицияларды қажет етеді, ал жекелеген кәсіпорындар банкротқа ұшырайды. Қарағандыдағы бір ғана кәсіпорын айына 4 миллионға дейін полиэтилен пакет шығарады. Шикізат Ресей мен Өзбекстаннан сатып алынады. Биологиялық ыдырайтын материалдары бар пакет бірнеше есе қымбатқа түседі", - дейді кәсіпкерлер.

Полиэтилен пакеттерінің экологиялық зияны әлдеқашан дәлелденген және көптеген елдер оларды өндіруге тыйым салған немесе шектеулер енгізгені белгілі.

0 пікір
Мұрағат