|
Қазақстанда тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұрудың жаңа түрі енгізілді
|
Қазақстандықтар үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша анықтама алу жеңілдетілді. Бұл жайында stan.kz ақпарат көзі хабар таратты.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2017 жылдың 1 қарашасынан бастап халыққа қызмет көрсету орталықтарында тіркеудің жаңа механизмі енгізіледі.
«Біз Әділет министрлігімен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен келісе отырып, мекен-жай бойынша тіркелуді жеңілдеттік. Ол үшін арнайы ақпараттық жүйе енгізілді», – дейді ІІМ орынбасары Ерлан Тұрғымбаев.
Жаңа ережеге сәйкес, азаматтардан тұрғын үйге арналған нормативтік құжаттары немесе жылжымайтын мүліктің тіркелгеніне қатысты анықтама талап етілмейді. Жүйе бойынша мекен-жайға қатысты ақпарат тіркелген мекен-жай кодына сәйкес енгізіледі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды