|
Қазақстандықтар алдағы мерекелерде қанша күн демалады?
|
Қазақстандықтардың желтоқсан айында және Жаңа жылда қанша күн демалатыны белгілі болды, - деп жазады "Наша Газета" басылымы.
Қазақстандықтар желтоқсан айында ҚР Тұңғыш Президентінің күні (1 желтоқсан ) мен ҚР Тәуелсіздігі күнін (16, 17 желтоқсан) атап өтеді. ҚР Тұңғыш Президентінің күні бейсенбіге түссе, 16-17 желтоқсан жұма мен сенбі күндеріне түседі. Заңға сәйкес 17 желтоқсан сенбіден дүйсенбіге, 19 желтоқсанға ауыстырылады.
Ал 31 желтоқсан сенбіге түсіп тұр, сәйкесінше ол күн демалыс болып саналады. Осылайша қазақстандықтар Жаңа жылда 4 күн демалады. 1-2 қаңтар - мереке күндері, сондай-ақ, 3 қаңтар да демалыс болып есептеледі. Себебі, 1 қаңтар жексенбіге түсіп тұр, сондықтан да ол күн 3 қаңтарға, яғни, дүйсенбіге ауыстырылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды