Қазақстаннан шетелге аударылатын ақша көбіне Ресей мен Өзбекстанға жіберіледі. 2017 жылдың 10 айында аталған екі елге 228 млрд теңге аударылыпты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі ranking.kz-ке сілтеме жасап.
|
Қазақстаннан аударылатын ақша көбіне Ресей мен Өзбекстанға жіберіледі
|
Қазақстанда осы жылдың қаңтар-қазан айы аралығындағы ақшалай аударым көлемі 398,8 млрд теңгені құрады. Ол былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 26,9%-ға көп.
Елімізден шетелге жіберілген ақшалай аударымдардың жартысынан көбі Өзбекстан мен Ресейге жасалған. Өзбекстанға 75,5 млрд теңге, ал Ресейге 152,2 млрд теңге жөнелтілген.
Қырғызстан да осы үздік үштікке кірді. Көршілес елге 32,7 млрд теңге аударылыпты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қазақстанда әскердегі сарбаздарға намаз оқуға бола ма
■
Әлемде ЖІӨ жағынан екінші орында тұрған елдің жан басына шаққандағы денсаулыққа жұмсайтын шығыны 3845 долларға жетті
■
Кореяның дәрі-дәрмек экспорты рекордтық деңгейге жақындады
■
Алматыда "халал" сертификаттарын заңсыз берген компания жауапқа тартылды
■
Араб еліндегі тоқыма бұйымдар қалдығын өңдеу жобасы 30 мыңнан аса жұмыс орнының ашылуына себеп болмақ