Қазақстанның жалпы резервтері 95,6 млрд долларды құрап отыр - ҰБ
Қазақстанның жалпы резервтері 95,6 млрд долларды құрап отыр - ҰБ
8 жыл бұрын 2211 inform.kz, bnevs.kz Қ.Мәметқазыұлы

Қазақстанның резервтерінің жалпы сомасы бүгінгі күні 95,6 млрд долларды құрап отыр. Ақордада өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында ақша-кредиттік саясат жөнінде баяндаған ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев осылай мәлім етті.

«Ұлттық банк қысқа мерзім ішінде ақша және валюта нарықтарындағы жағдайды тұрақтандырды. Бұған бірінші кезекте әлемдік валюта нарығындағы жағдайдың жақсаруы себеп болды. Екіншіден, Үкімет пен Ұлттық банктің дағдарысқа қарсы бірлескен жедел шаралары әсер етті», деді Бас банкир.

Оның айтуына қарағанда, Ұлттық банктің алтын валюта резервтері тамыз айының соңында 30,7 млрд долларды құрады. Осы жыл басынан резервтер он пайызға яғни, 2,8 млрд долларға өсті. «Ұлттық Қордың валюталық активтері 64,9 млрд долларды құрады. Оның деңгейі тұрақты болып қалуда. Бұл трансферттерді Ұлттық қордан жоспарлы түрде алуға қарамастан болып отыр. Еліміздің резервтерінің жалпы сомасы бүгінгі күні 95,6 млрд долларды құрап отыр», деді Д. Ақышев. 

Жыл басынан бері алтын-валюта қоры 10 пайызға өсті 

Елімізде жыл басынан бері алтын-валюта қоры 10 пайызға өсті. Бұл туралы Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті. 

«Ұлттық банк аз уақыттың ішінде ақша және валюта нарықтарындағы жағдайды тұрақтандырды. Бұған біріншіден, шикізат нарығындағы әлемдік коньюнктураның жақсаруы себеп болып отыр. Екіншіден, ұлттық банк пен үкіметтің дағдарысқа қарсы бірлесіп атқарған жедел шаралары әсер етті. Ұлттық банктің алтын-валюта қоры тамыз айының соңында 30,7 млрд долларды құрады. Осы жылдың басынан бері қор 10 пайызға өсті (2,8 млрд доллар). Ұлттық қордың валюталық активтері 64,9 млрд доллар болып отыр. Оның деңгейі тұрақты болып қалуда. Бұл трансферттер ұлттық қордан жоспарлы түрде алынып отырғанына қарамастан, ел резервтерінің жалпы сомасы 95,6 млрд долларға жетті», - дейді Данияр Ақышев.+

Оның айтуынша, несиелендіру саласында да оң өзгерістер байқалған. Жекелеген салаларға берілген кредит мөлшері көбейіпті.

«Жылдың екінші жартысында несиелендіру бойынша оң өзгеріс байқалады. Шағын кәсіпкерлікке бөлінген несие 3,6 %, ауыл шаруашылығы саласына 13 %, құрылысқа 3%-ды құрап отыр», -дейді Ұлттық банк төрағасы.

0 пікір
Мұрағат