Қазақстанның сыртқы қарызы депутаттардың жағасын ұстатты
Қазақстанның сыртқы қарызы депутаттардың жағасын ұстатты
4 жыл бұрын 15924

Мемлекеттің өзге елдер алдындағы берешегі бес жылдан кейін 25 триллион 692 миллиард теңгеге жетпек. Депутаттар мұны естіп жағасын ұстады, деп жазады ernur.kz порталы ktk.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып. "Үкімет есебіне сүйенсек, мемлекет қарызы осы жылы ЖІӨ-ге шаққанда 29,2 пайыз болады. Бұл бюджет тұжырымдамасында белгіленген шектеуден 27 пайыздан асады. Мемлекеттік қарыз сомасы өседі, сәйкесінше республикалық бюджетке салмақ түседі. Себебі, оны өтеуге қажетті шығындар артады" - дейді Мәжіліс депутаты Дәния Еспаева.

Мәжіліс отырысындағы әңгіме бюджеттік саясат тұжырымдамасында көрсетілген шекті деңгей туралы болып отыр.

Премьер-министрдің орынбасары Әлихан Смайыловтың сөзінше, үкімет нақты лимитті белгілеген. Ол 27 пайыз деп бекітіліпті. Сондықтан мемлекеттік қарыздың мөлшері қауіпсіз деңгейде сақталып отыр дейді. Әрі бұл халықаралық ұйымдар бекіткен 50 пайыз лимиттен әлдеқайда төмен екен. Депутаттарды бос даурықпауға шақырған Қаржы министрі де жағдайды күнде сүзгіден өткізіп жүргенін алға тартты. Бір жағынан, министрлер кабинеті мемлекет қарызына қызмет көрсету шығындарын бақылауға бюджет тапшылығын қысқартуды көздеп отыр. Яғни берешек жалпы ішкі өнімге шаққанда үш жылдан соң 2,1 пайызға азайтылмақ. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өзге елдердің қарыздарын тізе бергені сол еді, ол Төменгі палата спикеріне ұнамай қалды.

"Мемлекеттік қарыз айтарлықтай қауіпсіз деңгейде екенін еш күмәнсіз айтқым келеді. Бұған біз күн сайын мониторинг жасап отырамыз. Қазақстанның қарызын экономикасы жағынан жақын басқа елдермен де салыстырар болсақ, мысалы, Түркияда мемлекет қарызы 40 пайыз, Мексикада 55 пайыз, Индонезияда 37 пайыз" - деді ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

1 пікір
  • Жаңа білдіме ? Бес жыл жайнамазға қарап отырғандар ғой өзіме тимесін елді қайтем деп
    3 жыл бұрын
Мұрағат