|
Алматы-Өскемен бағытындағы мешіт жанынан тынығу бөлмесі ашылды
|
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының аймақтағы өкілдіктерге міндеттеген тапсырмаларының бірі жол бойында орналасқан мешіттерге келетін жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, тынығатын арнайы бөлме ашу болатын.
Аталған бастаманы қолдау мақсатында Талдықорған өңірінің бас имамы Ардақ қажы Нүсіпханұлының мұрындық болуымен Алакөл ауданына қарасты Балапанов ауылдық мешіті жанынан тынығу бөлмесі ашылды.
Мұнда сапарлатып ары-бері өтетін жолаушыларға жылы сумен дәрет алу, жылы төсек, ыстық шәй ішіп тынығу үшін барлық жағдай жасалған.



Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады