ПАЙҒАМБАРЫМЫЗҒА (с.а.с.) ҚАТЫСТЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР (фото)
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗҒА (с.а.с.) ҚАТЫСТЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР (фото)
7 жыл бұрын 5786 muftyat.kz

Мұхаммед жұлдызы

Голливудтағы «Даңқ Аллеясында» АҚШ-тың әлемге мәшһүр атақты тұлғаларының есімдері жазылған жұлдыз белгілері жерге, яғни тротуарға орналастырылғаны белгілі. Тек бір адамның жұлдызы ғана жерге емес, Аллея қабырғасына ілінген. Ол кімдікі дейсіз ғой?

Бұл әйгілі боксшы Мұхаммед Әлидің жұлдызы. Белгінің тротуарға емес, қабырғаға орналастырылуын боксшының өзі сұраған екен. Өйткені ол Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) есімі табан астында тапталмасын деп, жоғарыға қоюды қалаған.

 
Бос орын кімдікі?

Мәдина қаласындағы Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мешітінің ішінде бөлек Жасыл үй орналасқан. Онда Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) және оның жанында алғашқы екі халиф Әбу Бәкір мен Омар жерленген. Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) екінші жанында бос қабір орны тұр.
Көптеген мұсылмандар мен Құран тәпсіршілері бұл орынның Исаға (оған Алланың сәлемі болсын) арналғандығын айтады. Хадистерден білетініміздей, ол Тажалды өлтіру үшін екінші мәрте Жерге келіп, кейін 40 жыл патшалық құратыны белгілі.


Кең таралған есім

2008 жылы Мұхаммед есімі Лондонда туған нәрестелерге ең көп қойылған ат болған. Жалпы тек Англияда ғана емес, бүгінде Еуропаның басқа да елдерінде Мұхаммед есімі өте көп таралған. Мәселен, деректерге сүйенсек, Бельгияда дүниеге келетін сәбилердің жартысы мұсылмандар, соның көбі Мұхаммед есімін алатын көрінеді.
Қазақ халқы да Мұхаммед есіміне кенде емес. Атақты-лар арасынан Махамбет, Дінмұхаммед Қонаев, Мұхаммед-Қанапия (Шоқан), Мұхаметжан Тынышпаев, Мұхаммедқали (Мұқағали) Мақатаев, Нұрмұхаммед (Балуан Шолақ), т.б. айта берсе болады. Асыл дініміздің қайта өркендеуімен қазір де қазақ сәбилеріне Дінмұхаммед, Нұрмұхаммед, Мұхаммедәли және Мұхаммед есімдері жиі қойыла бастады.

0 пікір
Мұрағат