|
ПІТІР САДАҚАСЫ МЕН ЗЕКЕТТІ FORTEBANK МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ АУДАРУҒА БОЛАДЫ (ВИДЕО)
|
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты Рамазан айында берілетін пітір садақасы мен зекетті ForteBank мобильді қосымшасы арқылы да аударуға болады.
«Қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймыз. Пітір садақа мен зекетті енді ForteBank-тің мобильдік қосымшасы арқылы онлайн төлеуге болады:
- Негізгі мәзірден «Қызметтерді төлеу» дегенді басыңыз,
- Бұдан әрі «Жеткізушіні қосу» дегенді білгілеңіз,
- «Қайырымдылық» деген сөзді таңдаңыз,
- Әрі қарай «Пітір садақа» бетіне өтіңіз,
- Мешітті, қайырымдылық түрін және сомасын көрсетіңіз.
Үйде қалыңыз! Денсаулықтарыңызды күтіңіздер!» делінген ForteBank мәлімдемесінде.
Айта кетейік, төлем кез-келген картадан, оның ішінде басқа банктердің карталары арқылы да жүргізіледі. Сіз садақа аударған кезде қосымшада көрсетілген мешіттердің пошталық мекен-жайына садақаның түрі, берген күніңіз және садақаның құны көрсетілген файл жіберіледі.
Биылғы пітір садақа көлемі жан басына 370 теңге болып бекітілгенін еске саламыз. Ораза қабыл болсын!

Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады