ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ӨНІМДЕР СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ӨНІМДЕР СЕРТИФИКАТТАЛДЫ
3 жыл бұрын 1790 halaldamu.kz

"KBT STORE" жеке кәсіпкерлігінің "LUCEM" және "LAMINARY" өнімдері мен "RIZA HERB" кәсіпорнының "MARSILAN", "EVANORM" сауда белгісімен шығарылатын емдік-профилактикалық өнімдері "QMDB HALAL" сертификатына ие болды. Сертификатты "Халал Даму" директоры Айбек Асқарбекұлы табыстады. Аталған кәсіпорындар "Халал өнімдерді өндіруге, өңдеуге, дайындауға, сақтауға, тасымалдауға, сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты" бойынша сертификатталды.

"Емдік-профилактикалық өнімдердің негізгі қызметі – организмнің қорғаныш функцияларын жоғарылату, организмге зиянды химиялық, радиоактивтік және т.с.с. заттардың енуін тоқтату, организмдегі улы заттарды залалсыздандыру,  зақымданған органдарға әсер ету. Денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, еңбек қабылеттілігін арттырып, түрлі инфекцияларға қарсы күресуде емдік-профилактикалық өнімдер таптырмайтын шипа. 

Тұтынушылардың сұранысына орай, "LUCEM" , "LAMINARY" және "RIZA HERB" кәсіпорнының "MARSILAN", "EVANORM" өнімдері толықтай тексеріліп, зертханалдық сынақтан өткізілді. Кәсіпорындардың өндіріс аймағына ревизорлық бақылау жүргізілді. 

 "LUCEM", "LAMINARY" және "MARSILAN", "EVANORM" емдік-профилкатикалық өнімдерінің "QMDB HALAL" стандартына толықтай сай екендігін хабарлаймыз!

0 пікір
Мұрағат