Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
Соңғы бірер күнде халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
2 жыл бұрын 908 halaldamu.kz
«Uaharra» және «Көркем-MG» кәсіпорындары сертификатталды 

Шымкент қаласындағы «Uaharra» дәмханасы мен «Көркем-MG» жуғыш және тазартушы өнімдері «QMDB Halal» стандартына сай сертификатталды. Сертификатты Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет Нұрматұлы табыстады. 

Жиналған жамағаттың алдында кәсіпорын өкілдеріне халал сертификатын табыстаған бас имам:« Кәсіпкерлікті қолдау – ел экономикасын арттыруға бағытталған батыл қадамның бірі. Өңірдегі халал кәсәпорындардың санын арттырып,  отандық өнімдердің сапасын жақсарту «Халал Дамудың» негізігі бағыттарының бірі. Осы орайда сертификатталушы «Uaharra»  және «Көркем-MG» кәсіпорын өкілдеріне алғысымызды білдіреміз»,  — деді. 

«Uaharra» дәмханасы «Қоғамдық тамақтандыру қызметтері»,  «Көркем-MG» кәсіпорнының 9 түрлі жуғыш және тазартушы өнімдері «Халал парфюмерлік-косметикалық өнімдерін өндіруге,  дайындауға,  сақтауға,  тасымалдауға және сатуға қойылатын талаптар  стандартына» сай сертификатталғанын хабарлаймыз!

Жамбылдағы кәсіпорындарға сертификат табысталды 

Жамбыл облысындағы «Chefstar»,  «Abayas»,  «Счастье» дәмханалары және «Пышко» жартылай фабрикаттары сертификатталды. Сертифткатты Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы табыстады.

«Халал — Жаратқанның адамзат өмірі мен тіршілігін жеңілдету үшін бекіткен дара жолы.  «Өз тілдеріңнің жалғаны мен қателіктерін Алла Тағалаға таңып, «мынау халал, мынау харам» деп айтпаңдар»,  — делінген «Нахл» сүресінде. Осы аятқа амал ете отырып,  мұсылмандардың қара шаңырағы діни басқармадан растаушы құжат «QMDB Halal» сертифткатын алғандарыңызға Алла разы болғай!  Себебі,  бұл — біз үшін,  еліміздегі күллі халалды тұтынушы халық үшін аса маңызды. Осы орайда,  өңірімізде халалдың дамуына  қосқан өлшеусіз үлестеріңіз бен теңдесіз еңбектеріңіздің жемісін көруді жазсын Жаратқан!»,  — деген Бейбіт Әліпбекұлы алдағы уақытта екіжақты жұмыс одан әрі өз жалғасын табатынын жеткізді. Сонымен қатар,  жергілікті технолог,  инспектор-контролер Аблайхан Ғабитұлы да ай сайын тұрақты бақылау шараларын жүргізетінін айтты.

0 пікір
Мұрағат