Препарат жаңа фосфор органикалық қосылыстары негізінде алынған. Ақбота Қуандықованың айтуынша, ол картоп, сәбіз, пияз, қызанақ секілді көкөністердің өнімділігін арттырады. Синтездеу жұмысын жас ғалым микротолқынды сәулелерді пайдалана отырып жүргізген.
Препарат далалық және зертханалық жағдайда сынақтан өтті.
"Жас ғалым препаратты ойлап таппас бұрын біраз уақыт тынымсыз зерттеу жүргізген. Химия ғылымдарының докторы, профессор Булат Джиембаев жетекшілігі мен өзінің табандылығы арқасында осындай жетістікке жетіп отыр. Ақбота Қуандықоваға бұл жаңалықты ашуға әріптесі, оқытушы Бану Диярова синтез барысында қатысып, көмектескен", - делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарламасында.