|
Қызды болған қазақ жігітінің жылап отырған видеосы көпшіліктің назарына ілікті
|
Қызды болғанына қуанып, жылап отырған қазақ жігітінің видеосы көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді. Бұл жайында nur.kz ақпарат көзі хабар таратты.
Жақында Instagram әлеуметтік желісінде қызы туылғанына қуанғаннан көзіне жас алған қазақ азаматының видеосы жүктелді.
Қасындағы досының “Айманға хабарлас” деуіне қарағанда, ер кісінің босанған әйелінің есімі Айман болуы керек.
“Оның қоңырауға жауап беруге шамасы да жоқ шығар” деген азамат әкесіне сүйінші сұрап хабарласып жатыр.
Видеоны көргендердің дені қызы туылғанына қатты толқыған ер кісіге жылы лебіздері мен тілектерін жаудыруда.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады