|
Жеңіп тұрып... жеңісті қолдан берді. Неге?
|
Иранның еркін күрестен палуаны Әлізер Кәрім Маһиани Польшада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында ресейлік Әліхан Жабрраиловтан жеңілуіне тура келді. Нақтырақ айтқанда, жеңіп тұрып, жорта жеңілді. Бұл жайында The New York Times ақпарат көзі хабар таратты. 23 жастағы ирандық палуан ұпай саны бойынша ресейлік әріптесін таза жеңіп тұрып... жығыла салды. Өйткені, жаттықтырушысы осындай кеңес берген көрінеді. Кейін ол өзі мойындағандай, егер жеңсе, келесі қарсыласы израилдікпен бозкілемде күреспес үшін осындай қадамға барған. Аққан тердің өтеуі, қайран уақыты осылайша зая болды. Қолдан зая қылды. Иран Израилді мемлекет ретінде мойындамайтындықтан оның палуанымен күресуді ар санады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қазақстанда әскердегі сарбаздарға намаз оқуға бола ма
■
Әлемде ЖІӨ жағынан екінші орында тұрған елдің жан басына шаққандағы денсаулыққа жұмсайтын шығыны 3845 долларға жетті
■
Кореяның дәрі-дәрмек экспорты рекордтық деңгейге жақындады
■
Араб еліндегі тоқыма бұйымдар қалдығын өңдеу жобасы 30 мыңнан аса жұмыс орнының ашылуына себеп болмақ
■
Алматыда "халал" сертификаттарын заңсыз берген компания жауапқа тартылды