Танымал болған тақуа (видео)
Танымал болған тақуа (видео)
6 жыл бұрын 4251 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Н’Голо Кантені танитындар қарасы аз. Футболшы Роналдумен, Мессимен немесе Өзалмен салыстырғанда. Алайда, футболды жібермей тамашалайтындар арасында оның танымалдылығы аты аталған футболшылардан кем түспейді. Тіпті, оның құрметіне жанкүйерлері ән шырқаған болатын. 208 жылғы футболдан әлем чемпионатынан Париж қаласына оралғанда оны жанкүйерлері Елисей сарайында хан көтеріп қарсы алды десе болады әрі жартылай қорғаушы Н’голо Кантеге арнап, ән салды. Ән мәтінінде: "Ол кішкентай, ол жақсы, ол Мессиді тоқтатты" деген жол да бар... Айтса - айтқандай, оның қарпайымдылығы соншалық, «Лестер" президенті барлық ойыншыларға чемпиондық титул үшін BMW автокөлігін тарту еткенімен ол бұрынғыша Mini-ін мініп жүр. "Бұл қолайлы машина әрі оған мен үйреніп қалыппын",- деп жауап қатқан болатын. Оның қарапайымдылығы сондай, 2018 жылы әлем чемпионатында жеңіске жетіп, мерейі тасыған командасы фото-суретке түсу үшін түрлі позада тұрып, алтын статуэтканы қолдарына ұстап көріп жатқанда ол бұлардың бірін де істеген жоқ. Шетке шығып, жолдастарының шаттығына қуанды. Тіпті, команда болып суретке түссе де ол ығысып, шетке тұрады. Жасыл алаңдағы досы жаттығу кезінде ыстық пен шөлге қарамастан оның қасиетті Рамазан айының құрметіне оразан бұзбағанын жеткізді. 

 

0 пікір
Мұрағат