Бір ханның жас ізбасарына айтқан насихаты
Бір ханның жас ізбасарына айтқан насихаты
9 жыл бұрын 3322
  • Жеміс піскен кезде ғана ұнамды екенін өзің де білесің. Сен де адамдардан тәжірибесі толысқан, көпті көргендерін таңда. 
  • Жас кезде пайда болатын желіктен өте абайла. Мен бұл жаста кездесетін желікті қышыма ауруына ұқсатамын. Бұл аураға ұшырағандардың көбі қасынған сайын рахаттанады. Бірақ қасынған сайын, қан шығатын болғандықтан жағдайлары қиындайды. Бұның бір ғана емін Ислам дәріханасынан табуға болады. 
  • Кейде өткен ата-бабаларымызды ойлаймын. Менен кейін сенің, ал сенен кейін келетіндердің жағдайы қалай болады екен деп ойлаймын.
  • Әлі есімнен кетпейді. Көп кісілерге атақ-данқ беріп, олардың дәрежелерін жоғарылатып едім. Ал олар жоғарылаған сайын өздері қиналды. Өйткені атақ олардың өз олқылықтарын бетке ұруда.
  • Күшті әрі қуатты болу, әрине, жақсы тек қана әділеттілік тұрғысынан.
  • Бір жұмысқа бастаудағы негізгі мақсат – қалаған нәтижеге қол жеткізу.
  • Тәжірибелерімді қартайғанда қасымдағы қазына деп бағалаймын.
1 пікір
  • Жеміс піскен кезде ғана ұнамды екенін өзің де білесің. Сен де адамдардан тәжірибесі толысқан, көпті көргендерін таңда.
    Тәжірибелерімді қартайғанда қасымдағы қазына деп бағалаймын.
    9 жыл бұрын