Оң жақта неге жүрек жоқ? немесе симметриядағы сәндік
Оң жақта неге жүрек жоқ? немесе симметриядағы сәндік
8 жыл бұрын 6076
Ол Құранда бұрыннан бар! 
«Біз адамды ең көркем бейнеде жараттық» («Тин» сүресі, 4-аят).

Кванттық механиканың негізін қалаушы физик Пауэл Дирактан Мәскеу университетіне барған сапарында естелік дәптеріне келер ұрпаққа үлгі болар бір-екі ауыз сөз жазуын сұрайды. Бұл ұсыныс тек ұлы ғалымдарға ғана жасалатынын білген Дирак біраз ойлануды жөн санайды. Өйткені жазатын сөзі ұрпақтан ұрпаққа ауысса да мән-мағынасын жоғалтпайтын сөз болуы керек еді. Қолына қалам алған Дирак мына мағыналы сөздерді жазады: «Кез-келген физика заңы математикалық әсемдікке ие болуы міндетті!» Негізі Дирак жаратылыс атаулыда өте күшті математикалық есептер барын білген және соны ашық меңзеген.

Жаратылыстың физикалық, химиялық көптеген қасиеттері математикалық заңдылықтарға бағынышты. Құдай Тағаланың «Жәмил» (Әдемі), «Сани» (Жасаушы) және «Мұсаууир» (Бейнелеуші) секілді көркем есімдерін еске салатын тіршілік иелеріндегі сыртқы әдеміліктер көп себептердің бір мезгілде орнауымен пайда болған. Бұл себептердің ең маңыздысы «бөлшектер арасындағы өлшем не тәртіптегі әдемілік» деп анықтама берілетін «симметрия» екені сөзсіз. Тіршілік иелері түрлі симметриялық пішіндерге өте үлкен өнермен жаратылған.

Симметрияның ең таралған түрі оң-сол (айна) симметриясы. Бір заттың өзі мен айнадағы көрінісі симметриялық түрді байқатады. Денеміздің оң жағы мен сол жағы бір-біріне симметриялы немесе тең. Маңдай, мұрын, иек пен кеудеміз денеміздің дәл ортасынан өтетін сызық бойынша симметриялы. Осы дене мүшелеріміздің біреуін алып, дәл ортасынан кесіп, айнаға тақасақ, айнадағы суретпен бірге толық мүше секілді көрінеді. Себебі, қол, көз, құлақ, мұрын, мен ерін секілді мүшелеріміз жоғарыда айтылған орта сызық бойынша симметриялы жаратылған. Дәл осы симметрия заңдылығы тіршілік иелерінің көпшілігінде бар. Барлық адамдар, жан-жануарлар, құстар осы симметриялық заңдылықпен жаратылған. 

Айнаға қарағанда оң жағымызды сол, сол жағымызды оң көреміз. Бірақ төменгі жағымызды жоғары, жоғары жағымызды төмен көрмейміз. Осы құбылысытың себебін ойлап көрдіңіз бе? бұл болмашы сұрақ көрінгенімен негізінде өте мәнді. Өйткені айнада оң-сол, жоғары-төмен түсінігі жоқ. Демек бұл құбылыстың сыры біздің дене мүшелерімізбен байланысты болса керек. Мысалы, жаныңызда сол жағымен айнаға қарап жатқан адамды елестетіңіз. Оны айнада оң жағымен жатқан адамды көресіз. Бұл жағдайда айна жерде жатқан адамның оң және сол жатқандарын ауыстырмай, төменгі-жоғарғы жағын ғана ауыстырды. Бұл құбылыстың себебі, денеміздің оң және сол жақтарының сиимметриялы болуында. Егер денеміз симметриялы болмағанда айнадағы көрінісіміз бізге ұқсамас еді.

Симметрияның келесі түрі – айналу симметриясы. Құм үстіне тасталған тең қабырғалы үшбұрыш түріндегі металл ойықты ойлайық. Бұл металды ортасынан өтетін координат бойынша 120 градус айналдырсақ, үшбұрыштың жаңа ескі халінің құм үстінде қалдырған жаңа ескі халінің құм үстінде қалдырған ізіне сайма-сай келеді. Бұның себебі, тең қабырғалы үшбұрышта 120 градустық айналу симметриясының болуы. Сол секілді шаршыда 90 градустық п-қабырғалы дұрыс көпбұрышта 360/п градустық айналу симметриясы бар.

Қар кристалдарының дұрыс алтыбұрыш симметриясы да адамдардың ең көп қызығушылығын тудырған көріністердің бірі.

Сонымен қоса, үш қатпарлы айналу симметриясына ие фигуралар да бар. Бұлардың ішіндегі ең маңыздысы, дұрыс  көп беттілер. Платоннан бері білініп келе жатқан мәлімет бойынша бұлардың саны тек бесеу ғана. Ұл көп беттілерге мысал ретінде куб түріндегі мұз кристалдарын айтсақ болады. Ғаламда дұрыс жиырма бетті тіршілік иесінің болып-болмағаны таяу уақыттарға дейін белгісіз еді. Кейіннен иттерде бауыр ауруын тудырушы аденовирустардың түрі анықталғаннан кейін дұрыс жиырма бетті тіршілік иесінің бар екені біліне бастады.

Айналу симметриясын көру үшін күнделікті өмірдегі раушан гүл секілді гүлдерге көз жүгірту жеткілікті.

Симметриялық әдеміліктерді тек күнделікті өмірде тар микроәлемде ғана емес, кең тұрғыда алып ғаламшарларды кішірейтіп, көз алдымызға алып келсек, ғаламшарлардың Күн айналасындағы симметриялы қозғалыстарын және галактикалардың спиральдік симметриясы секілді түрлі дәл өлшенген, дөп пішілген теңдіктерді тамашалауға болады. 

Симметрияның тіршілік иелерінің ішкі ағзаларында емес, тек сыртқы көрінісінде болуы да өте қызық. Мысалы, адамның дене мүшесінде ішкі ағзалары өкпе, асқазан, бауыр және ішектер симметриялы емес және сол жақтағы жүрек оң жақта. Сонымен қатар миымыздың оң жағы мен сол жағы да өзгеше. Бірақ бұған қарамастан адам ағзасындағы істер өте керемет атқарылуда. 

Сонда тіршілік иелерінің сыртқы бет-әлпетіндегі математикалық әдемілік тек қана эстетика үшін ғана берілген бе? Алла Тағала барлық нәрсені көптеген пайдасы мен қызметіне бола жаратқан. Мысалы, көзіміз жұп әрі симметриялық түрде орналастырылмағанда заттарды үш қатпарлы ғып яғни толық көре алмас едік. Аяқтарымыз симметриялы болмағанда түзу жүре алмай қиналар едік. Қолдарымыз симметриялы болмағанда жүрген кезде денеміздің тепе-теңдігін сақтай алмас едік. Құстардың қанаты симметрия болмаса ұша алмай, балықтардың қанаты симметрия болмаса түзу жүзе алмас еді.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, жаратылыстағы дәлдіктер, симметрия заңдылықтары өте үлкен міндет атқарып тұр. Оны байқап, астарындағы құдіретті ұғына білсеңіз болғаны.

2 пікір