Тірі жүріп тәубесіз пенде болсақ...
Тірі жүріп тәубесіз пенде болсақ...
9 жыл бұрын 3837
Ерлан Әшірбаев

Хақ діні - биік белес, шың емес пе?

Жәннат бақ – мәңгі бітпес, Нұр емес пе?

Жаның иман нәрімен тамырланса,

Алданып, арбалмассың құр елеске!

Бабасы мұсылман болған жанның

Көбі адасып өзге дінде жүр емес пе ?

Адам құлқын ойлаумен нәпсіге ерсе,

Қу нәпсімен сайтанға құл емес пе?

Арсыздықпен өмірін өткізгеннің,

Бар өмірі жанып біткен күл емес пе?

Адам лезде хайуаннан бетер болар,

Болмаса егер Жаратқан мен Құран есте!!!

Құран Кәрім тура жолды нұсқап саған,

Ақиқатты анық айтып тұр емес пе?

О, Жаратқан шын ниетті дұғамменен,

Құзырыңда әрдайым жүрем есте!

Дұға мүмин жүрегінің Нұры деген,

Неге Сенен ақ дұғаны тілемеске?!

Иманым боп сені ойлаудан бақыт тапсам,

Неге Өзіңнен иманды жар тілемеске?!

Иманы бар ақ жүректі мүмін әйел,

Айналаға жұпар шашқан гүл емес пе?!

Мүмінменен адасқан пенделердің,

Бой бітімі, ақыл есі бір емес пе?

Тірі жүріп тәубесіз пенде болсақ,

Ертеңгі қияметте мұң емес пе?!

2 пікір
  • Маган оте ұнады рахмет
    9 жыл бұрын
  • Алла разы болсын сайт ұжымына Қайрат ағамыз секілді ислам ғалымдары көптеп болса халқымыздың өзге адасқан ағымдардан аулақ болары сөзсіз Алла қаласа осы күнге де жетерміз
    9 жыл бұрын