|
Әйел үстіне әйел алуға тыйым салды
|
Германиядағы мұсылман елдерінен келген мигранттар өздеріне тән кейбір тарихы арыда жатқан әдет-ғұрпынан бас тартуына тура келіп отыр. Өйткені, ел билігі оларға әйел үстіне әйел алуға заң жүзінде тыйым салды. Бұл жайында Германия федеративті республикасының әділет министрі Хайко Маас мәлімдеме жасады. «Германия заңы тарихы тым арыда жатқан салт-дәстүрден жоғары тұрады. Осы елдің азаматтығын алғысы келетін мигранттар мұнда әдет-ғұрыптан бас тартуы тиіс»,- деді министр. Айта кетейік, Еуропадағы миграциялық дағдарыс кезінде босқындар арасында жасы 16-ға толмаған қыздармен 160 некелесу оқиғасы орын алған екен.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады