|
Рамазанда қоғамдық орындарда тамақтануға тыйым салды
|
Мысыр тұрғындары ел билігінің қасиетті Рамазан айында қоғамдық орындарда тамақтануға салған тыйымына наразылық танытуда. Аталған тыйым елдегі барлық дін өкілдеріне де қатысты. «Рамазан айында қоғамдық орындарда тамақтану – адамның өз еркі өзінде екенін көрсетуі емес, исламның құндылықтарына құрметсіздік белгісі. Көптің көзінше тамақтану да қоғамның талабы мен өнегесіне қайшы келеді»,- деп айтылған осы тыйым қарастырылған ережеде. Алайда, «Facebook» әлеуметтік желісінде ел билігінің бұл шешімімен келіспейтінін білдіргендер де болды. Олар дінде зорлық жоғын алға тартып, бұлай мәжбүрлеуге қарсы екендерін білдірген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды