Америка шіркеуі Израилге бойкот жариялады
Америка шіркеуі Израилге бойкот жариялады
9 жыл бұрын 3620

АҚШ-тағы аса ірі протестанттық Христа біріккен шіркеуі Палестинаны жаулап алғаны үшін Израилге бойкот жариялады. Аталмыш шіркеудің бас синоды Израил басып алған Палестина жерінде пайда тауып отырған компанияларды қаржыландырудан бас тартты. Сондай-ақ, ежелден палестиналықтардың атамекені болып табылатын, алайда, еврей келімсектері заңсыз қоныстанып жатқан Иордан өзенінің батыс жағалауында өндірілген өнімдерге де бойкот жариялады. Бұрын бұл синод Израилге қысым көрсетуді жақтап, еврейлердің бассыздығына тыйым салуды құптаған болатын. Естеріңізге сала кетейік, бұл синод өткен жылдың маусым айында, яғни, осыдан тура бір жыл бұрын Израилге жарияланған бойкотты қолдаған болатын. Яғни, бұл арада сөз Палестинаның жаулап алынған жерінде пайда тауып отырған «Катерпиллар», «Моторолла» и «Хьюлетт-Паккард» (НР) компанияларының акцияларынан құтылуға қатысты бойкот турасында болып отыр. Бұған қоса, АҚШ-тағы Епископтық шіркеу мен Меннонистік шіркеу де Израилге қарсы бойкот жариялауға тас-түйін дайын отыр. 

0 пікір
Мұрағат