Араб елдері Йемендегі реформалар үшін миллиард доллар бөледі
Араб елдері Йемендегі реформалар үшін миллиард доллар бөледі
2 ай бұрын 380 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Араб валюта қоры Саудияның Йемендегі экономикалық реформасының бағдарламасын қолдау үшін 1 миллиард долларлық келісімге қол қойды. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде саудиялық ақпарат құралдарына жөн сілтеген Ekhbaria TV ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әбу-Даби қаласында орналасқан MENA қорларының жаңа пакеті Йемен билігінің 2022 жылдан 2025 жылға дейін экономиканы тұрақтандыру жөніндегі күш-жігерін қолдауға арналған. Бірнеше жылға созылған ираншыл хуситтер тайпасы мен Сауд Арабиясын қолдайтын коалиция арасындағы соғыс Йемен экономикасын тұралатып кетті және әлемдегі ең үлкен гуманитарлық дағдарысты тудырдған болатын. Инфляцияның шарықтауы мен валюта тапшылығы өз кезегінде азық-түлік, су және энергияның көп бөлігін импорттайтын Йемен тұрғындарын тығырыққа тіреген еді, дәлірегі, адамға ең қажетті нәселерге йемендік азаматтар қол жеткізе алмайтын халге жеткен. Йемен риалы хуситтер бақылайтын аймақтарда бір долларға 560 шамасында салыстырмалы түрде тұрақты болып қалғанымен, Сауд Арабиясының үкіметін қолдайтын провинцияларда ол бұрын-соңды болмаған ең төменгі деңгейге жетіп, қатты құлдырап кеткен. Мәселен, бір ғана Аден қаласында өткен жексенбіде бір долллар бағамына шаққанда йемен ақшасының құны 1000 риалға шығандап кетті. 2014 жылы хусит бүлікшілері ел астанасы Санаға басып кіріп, үкіметті құлатқаннан кейін Йеменнің орталық банкі екі бөлімшеге бөлінді - біреуі хуситтердің бақылауындағы Санадағы филиалы; ал халықаралық деңгейде мойындалған, ақша басып шығаруға құқы бар Адендегі филиалы Сауд Арабиясы қолдайтын әкімшіліктің бақылауында қалған болатын. Осы жылдың сәуір айында Саудия Йеменде жаңа президенттік кеңес құрылғаннан кейін соғыстан зардап шеккен экономиканы қолдауға 3 миллиард доллар бөлетінін мәлімдегенін айта кету керек.

0 пікір
Мұрағат