Араб елі 8 млн индонезиялықты жұмысқа қабылдауды көздеп отыр
Араб елі 8 млн индонезиялықты жұмысқа қабылдауды көздеп отыр
2 жыл бұрын 1771 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Саудия билігі халық саны көп әрі халқының көп бөлігін мұсылмандар құрайтын, жұмыссыздық қалыпты жағдайға айналған Индонезия үшін 8 млн ваканция ашпақ. Бұл жайында islam.kz порталы CNN Indonesia ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, аталған араб еліндегі ең аз дегенде 8 млн жұмыс орны индонезиялықтарға тиесілі. Соның ішінде, индонезиялық медицина мамандары (медбике, акушер, дәрігер) алдымен жұмысқа тұра алады. Содан соң мұғалімдерге деген сұраныс жоғары.  Саудиядағы индонезиялықтар үшін 8 млн кәсіби секторда жұмыс қарастырылған, ал формалды емес секторларда тағы 3 млн индонезиялықтың жұмыс істеуіне мүмкіндік беріліп отыр. Әлемде еңбек мигранттарына сұраныс жылдан жылға артып келеді, әсіресе, мұндай тенденция халықтың қартаю процесі қарқын алған Еуропа мен Жапонияда, сондай-ақ, мұнай экспортына тәуелді елдердің экономикасын әртараптандыру мақсатында жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформа аясындағы қолға алынған түрлі жобаларды жүзеге асыруға ден қойған Таяу шығыс елдерінде байқалып отыр. Таяу шығыс аймағында негізінен бангладештік, үнді, африкалық елдерден келген мигранттар қарасы көп. Бір ғана Біріккен Араб Әмірлектеріндегі еңбек мигранттарының қарасы жергілікті ел тұрғындарынан бірнеше есе көп.

0 пікір
Мұрағат