Араб елінде екі биоқоспаға тыйым салынды
Араб елінде екі биоқоспаға тыйым салынды
1 жыл бұрын 968 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктерінің Денсаулық сақтау министрлігі дене белсенділігін арттыруға арналған екі тағамдық қоспаны - Monster Rabbit және King Mood-ты тұтынуға қарсы ескерту жасады. Бұл жайында islam.kz порталы russianemirates.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған қоспаларды зертханада тексергеннен кейін сарапшылар салдары ауыр кері әсерлерді тудыруы мүмкін, қоспалардағы тізімде жоқ ингредиенттерді анықтады. Осыған байланысты аталмыш министрлік аталған тағамдық қоспаларды таратуға және тұтынуға қатаң тыйым салды. Ал кері әсері байқалғандарға уақыт оздырмай медициналық жедел жәрдемге жүгінуге кеңес берді. Өткен жылдың күзінде Әбу-Даби денсаулық сақтау департаменті халықты «Артық салмақтан тез арылуға арналған капсула» деп аталатын тағамдық қоспаларды тұтынудан сақтандырды, себебі, бұл қоспалар қатерлі ісікке ұрындыруы мүмкін. Капсулалардың артық салмақтан арылуға көмектесетіні туралы айтылғанымен өнімнің зертханалық талдауының нәтижелері оның құрамында қауіпсіз және тиімді деп саналмайтын, тіпті, тыйым салынған «фенолфталеин» заты кезздесетінін көрсетті. Денсаулық департаменті фенолфталеиннің ықтимал канцерогендік қаупі бар екенін және гендер үшін улы келетінін түсіндірді, өйткені, ол ДНҚ тізбегін зақымдауы немесе мутация тудыруы мүмкін. Ол, сондай-ақ, рұқсат етілген шектен жоғары микробтардың өсіп-өнуіне ықпал етеді. Осы орайда бұрын Unilever концернінің танымал құрғақ сусабындарды, соның ішінде Dove брендін құрамында бензол деп аталатын қатерлі ісік тудыратын химиялық зат табылғаннан кейін дүкен сөрелерінен қайтарып алғанын айта кету керек. АҚШ Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасының (FDA) мәлімдемесіне сәйкес Nexxus, Suave, Tresemmé және Tigi сияқты брендтік өнімдер де сауда-саттықтан кері қайтарып алынды.

0 пікір
Мұрағат