|
Аса қорқынышты, түсі өзгеше бұлттар легі жаулап алды (ВИДЕО)
|
Сидней тұрғындары табиғаттың қызық та қорқынышты құбылысына куә болды. Мұхит жақтан жағалауға қарай тура алып толқындарды елестететін бұлттар тасқыны тұтаса төніп келген, деп жазады The Mashable басылымы.
Түстен кейін қалаға оңтүстік жақтан құдды цунами тәрізді бұлттар жөңкіле келіп, күн күркіреп әрі найзағай ойнап, артынша қара түнекке айналған. Көргендердің айтуынша, осынау аспандағы өзгеше құбылысты кейбір австралиялықтар ақыр заманға балаған да көрінеді.
Мұның алдында метеорологиялық қызмет Сиднейде дауылды ескерту жарияламаған. Бірақ бұршақ жауып, күшті жел тұратындығы, Сиднейдің солтүстік жағында орналасқан аудандарда дауыл тұруы ықтимал екендігі кейіннен белгілі болған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай шөл далада бидай мен қара бидайдың алып буданын өсіреді
■
Қытай ғалымдары көмір электр стансаларының газын арзан және тиімді тыңайтқышқа айналдыратын жолды тапты
■
Адам психикасына сәтсіз некенің жалғыздақтан да ауыр әсер ететіні анықталды
■
Жасанды зерденің өз санасы пайда болатын күн алыс емес
■
Қауіпті бактериялар «жанының сірілігінің» құпиясы ашылды