Украиналық инженер жолаушыларды ұшақ апатынан сақтайтын капсула ойлап тапты (видео)
Украиналық инженер жолаушыларды ұшақ апатынан сақтайтын капсула ойлап тапты (видео)
9 жыл бұрын 2919

Ресей жолаушылар ұшағы Мысыр аумағында апатқа ұшырауы көптеген адамға қайғы алып келді. Мұндай апатта жолаушылардың аман қалуын ойластырған украиналық ғалым арнайы қауіпсіздік капсуласын ойлап тауыпты. Украиналық БАҚ өкілдерінің жазуынша, Мысырда болған оқыс жағдайдан кейін инженердің идеясын қолдаушылар саны әлдеқайда артқан.

Владимир Татаренко – ғылым мен техника саласынде жасаған еңбегі үшін Украинаның Мемлекеттік сыйлығымен марапатталған тәжірибелі инженер. Ол әуе тасымалдарын қауіпсіз етудің жолын ұсынып отыр. Ол бұл идеяны осыдан үш жыл бұрын патенттеп алған.

Ғалымның есебі бойынша, ұшақтың ішкі қабаты алып капсула кейпінде салынуы тиіс. Қозғалтқыш істен шығып, жолаушыларға қауіп төнген кезде, капсула ұшақтан бөлініп шығады. Сосын жерге арнайы парашют көмегімен түседі.

Дайындаған: Жолдас Өрісбай

0 пікір
Мұрағат