Британия сарапшылары кәрілік туралы түсінікті өзгерту қажет деген мәлімдеме жасады
Британия сарапшылары кәрілік туралы түсінікті өзгерту қажет деген мәлімдеме жасады
9 жыл бұрын 5958 ҚазАқпарат

Таяуда британиялық сарапшылар ерекше мәлімдеме жасады. Ғалымдар адамдар түсінігіндегі қазіргі орта жас және кәрілік деңгейін қайта қарау қажет екенін айтты, деп жазады «AOL» агенттігі. 

Жастар (35 жасқа дейін) кәрілік 60-тан кейін келеді деп есептейді. Ал жасы 70-ке келгендер мұны 77-ден кейін басталады деп ойлайды екен. 
Зерттеуде, 50-ден асқандардың көпшілігі әлі де болашақ алда деп, келешекте оларды елеулі өзгерістер күтіп тұрғанына сенімді екенін жеткізген. Осылайша, егде жаста белсенділік төмендейді деген түсінік, қайта қаралып, 68 жас деген кәрілік шегін өзгеруі қажет, дейді ғалымдар.

0 пікір
Мұрағат