|
Австралиядағы ысырапшылдық (фото)
|
Австралияның Чинчилла қаласында Melon Festival фестивалі аясында қарбызбен сырғанаудан өткен сайысты 15 мың адам тамашалаған. Бұл жайында Bnews.kz ақпарат көзі хабар таратты. Алайда, олардың бірде-біреуі «судың да сұрауы бар» екенін қаперіне алмаған, яғни, көз алдарындағы ысырапшылдық пен даңғазалыққа қарсы үн қатпаған. Аталған шара 21 жыл қатарынан өткізіліп келеді. Бұл жолғы сайысқа бұрын-соңды болмаған қарақұрым халық жиналған. Нақтырақ айтқанда, жарыс өткен 4 күннің ішінде елдің түкпір-түкпірінен 15 мыңға тарта адам келген. Қарбызбен сырғанаудан бөлек, өзге сайыс түрлері кезінде 20 мыңға жуық қарбыз ысырап етілген.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Келесі жылы қасиетті сапар бағасы көтеріледі
■
Cән индустриясы технолгияға қарсы тұрудың амалдарын қарастырады
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды



