|
Палестинада тиындар қазынасы табылды
|
Дайверлер (суға сүңгушілер) Жерорта теңізінің түбінен (Кейсари көне шаһарының жағалауында) ел тарихында тұңғыш рет ең үлкен қазына тауып алды: екі мың алтын тиын. Бұл жайында The Guardian ақпарат көзі хабар таратты. Сарапшылардың бағалауынша аталмыш қазынаның жалпы салмағы шамамен тоғыз келі тартқан. Алтын тиындардың ІХ-ХІ ғасырларда шекілгені белгілі болды. Оларды Фатимидтер әулеті шекіткені де анықталды. «Алтын шыққан жерді белден қаз» демекші, израилдік археологтар теңіз түбін зерттеуге бел буып отыр. Мамандардың сөзіне қарағанда, бұл қазына алым-салықтан жиналған, Мысырға тасымалдау кезінде кеме суға батып кеткен. Ал екінші нұсқа бойынша бұл қазына кемесі суға кеткен көпестің байлығы болуы мүмкін.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды